АҚШ Иранға бір апталық үзіліс берді – Трамп

0
162

Әли Хаменеимен қоштасу рәсімінің негізгі бөлігі 4–9 шілде аралығында өтеді.


АҚШ Иранға бір апталық үзіліс берді – Трамп

© Photo : Страница Дональда Трампа в соцсетях

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон Иранға Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімдерін өткізу үшін бір апталық үзіліс берген, деп жазады sputnik.kz.
"Олар келісімге келуді өте қатты қалайды, мәселені реттеуге ынталы. Біз жақсы адамдар болғандықтан, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін оларға бір апта үзіліс бердік", – деді Трамп Оңтүстік Дакотада өткен митингте.
АҚШ президенті келіссөзде ресми түрде бір апталық үзіліс жарияланғанын тікелей айтқан жоқ. Дегенмен бұл мәлімдеме Вашингтон мен Тегеран арасындағы жалғасып жатқан келіссөз аясында жасалды.
Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі 3 шілдеде шетелдік қонақтар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне арналған арнайы іс-шарадан басталды.
Жерлеу рәсімінің негізгі бөлігі 4–9 шілде аралығында Иранның бірнеше қаласында өтеді. Соңында аятолла туған қаласы Мешхедте жерленеді.