45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды

0
138

Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.


45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады, деп жазады Zakon.kz.


Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді.



Осы жылы ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.