17 жастағы қызды күйеуге бергені үшін оның ата-анасы мен молда сотталды

0
114

Іс бойынша қыздың күйеуі, анасы және неке қиған молда айыпталушы ретінде танылған. Үшеуі де өз кінәсін мойындаған.


17 жастағы қызды күйеуге бергені үшін оның ата-анасы мен молда сотталды

Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ош облысындағы Қара-Суу аудандық соты неке жасына қатысты заң талаптарын бұзған үш адамды кінәлі деп таныды. Сотталғандардың арасында 17 жастағы қыздың анасы, оның күйеуі және неке қию рәсімін өткізген молда бар, деп жазады Stan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылы Қашқар-Қыштақ ауылында 17 жастағы қыз бен 30 жастағы ер адамның шариғат бойынша некесі қиылған. Неке қию рәсімін жергілікті молда өткізген.

Сот анықтағандай, қалыңдықтың анасы қызын ер адамға беретінін айтып, оның туыстарымен алдын ала келіскен.

2026 жылдың сәуірінде қыз жүктілік бойынша есепке тұрған, ал 22 мамырда ұл баланы дүниеге әкелген.

Іс бойынша қыздың күйеуі, анасы және неке қиған молда айыпталушы ретінде танылған. Үшеуі де өз кінәсін мойындаған.

Сот олардың кінәсін мойындағанын, бұрын сотталмағанын және ауырлататын жағдайлардың болмағанын ескерді. Үшеуіне де үш жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда оларға бір жылға пробациялық бақылау қолданылған.

Осы кезеңде сотталғандар елден шыға алмайды, айына екі рет пробация органдарына барып тұруы және қайта әлеуметтену бағдарламаларына қатысуы тиіс.

Айта кетейік, Қырғызстанда неке жасы 18 жас болып белгіленген. Алайда ерекше жағдайларда арнайы комиссияның қорытындысы негізінде оны 17 жасқа дейін төмендетуге болады. Халықаралық құқық қорғау ұйымы Equality Now мәліметінше, Қырғызстанда 20-24 жастағы қыздардың шамамен 13-%ы 18 жасқа толмай тұрып некеге тұрған.