Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогында үздік бестікке енді

0
147

Бұған дейін Бейжің кезеңінде күміс медаль жеңіп алған.


Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогында үздік бестікке енді

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Жапонияда өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде үздік бестікке енді, деп жазады inbusiness.kz.

Обихиро қаласында басталған жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды. Ол мәреге 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

Екінші орынды Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Айта кетейік, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.