Қандай адамның жанында өзіңізді жайлы сезінесіз?

0
1 351

Жайлылық болмаған жерде басқа жақсылықтың болуы екіталай.


Қандай адамның жанында өзіңізді жайлы сезінесіз?

Өмір жолыңда серіктес, сапарлас болатын адамдарды дұрыс таңдау өте маңызды. Дос болсын, әріптес болсын, тіпті екінші жартың болса да. Таңдау кезінде оның жанында өзіңді қалай сезінесің, соған мән беру керек. Себебі жайлылық болмаған жерде басқа жақсылықтың болуы екіталай.


ТОҚТЫ – әрқашан жаңа нәрсені байқап көргісі келетін және өзін-өзі дамытумен айналысатын адамдармен жақын араласыңыз. Олардың жанында өзіңізді жайлы сезіне отырып, тұлғалық дамуыңыз да көш ілгерілейді.


ТОРПАҚ – кез келген нәрсеңізді қысылмай айта алатын, тыңдай білетін, қолдайтын және сыр сақтай алатын адамдардың қасында өзіңізді еркін, жайлы, сенімді сезінесіз.


ЕГІЗДЕР – түн ортасында болса да кез келген идеяңызды қолдап, қасыңызға ере кетуге дайын тұратын, таң атқанша сырласуға дайын жандармен бірге жаныңыз тыныш, өміріңіз қызық.


ШАЯН – біреуге бағынышты болуға, өзгенің басқаруымен әрекет жасауға көнбейсіз. Есесіне, өзіңіз басшы рөлінде болып, айналаңызды оңай басқаруға болатын адамдармен қоршасаңыз, жаныңыз жай табады.


АРЫСТАН – сізге күнде таңданып әрі тамсанып қарайтын, сізді, жетістіктеріңізді мақтан ететін, қандай бастамаңыз болса да қолдайтын адамдардың қасында өзіңізді керемет жайлылықта сезінесіз.


БИКЕШ – көңіліңіз тыныш, жаныңыз жайлы болғанын қаласаңыз, тамаша музыкалық талғамы мен ерекше стиль қалыптастыра алған адамдармен көбірек уақыт өткізіңіз.


ТАРАЗЫ – сізбен бірге жердің қай түкпіріне болсын баруға дайын, ұмытылмас эмоциялар мен қызықты тосын оқиғаларды өзіңізден кем жақсы көрмейтін адамдардың қасында уақытыңыз жайлы әрі пайдалы, мағыналы өтеді.


САРЫШАЯН – алға қойған мақсаты, әр нәрсеге өзіндік нық көзқарасы бар, білімді адамдармен пәлсапалық әңгіме-дүкен, пікірталас құрғаннан кейін жаныңыз жай тауып қалады.


МЕРГЕН – қалжың-қағытпаға шебер, әзіл түсінетін әрі өз-өзіне ирониямен қарай алатын өткір ойлы адамдардың жанында өзіңізді жайлы сезінесіз.


ТАУЕШКІ – негізінен, олар жанында ешкім жоқ, оңаша болғанда ғана өзін жайлы сезіне алады. Немесе біреудің қасында өзін жайлы сезінуі үшін ол «біреу» бай-дәулетті болуы керек.


СУҚҰЙҒЫШ – ешқашан сатқындық жасамайтынына, өзін өзгеге айырбастамайтынына сенімді адамның қасында ғана өзін жайлылықта сезіне алады.


БАЛЫҚТАР – өзін біреудің қасында жайлы сезінуі үшін ол адам да Балықтар секілді шулы жерді ұнатпайтын, кино көріп, дәмді тамақ ішіп үйде отырғанды жақсы көретін болуы керек.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сенің өміріңді өзгертетін «БАҚЫТ САНЫ» қандай?