Астрологтар жасаған бейресми рейтинг
Сурет: ЖИ
Кез келген қарым-қатынастың негізі – өзара құрмет, сенім және қауіпсіздік. Алайда кейде махаббат орнына қызғаныш, шектен тыс бақылау, басқару немесе эмоциялық қысым көрсету сияқты жағымсыз әрекеттер кездеседі. Психология ілімі мұндай мінез-құлыққа абьюзивті әрекеттер деп айдар тағады.
Абьюз – бір адам екінші адамды бақылауға, қорқытуға, манипуляция жасауға немесе оның еркіндігін шектеуге тырысатын зиянды қарым-қатынас үлгісі. Бұл тек жұптар, ерлі-зайыптылар арасында ғана емес, достықта, отбасында немесе жұмыс орнында да кездесуі мүмкін.
1-орын – Тоқты
Тоқтылар өте жігерлі әрі көшбасшылық қасиеті басым адамдар ретінде сипатталады. Кейде бәрін өз бақылауында ұстағысы келетін мінезі байқалуы мүмкін. Егер эмоциясын басқара алмаса, өз пікірін өзгеге күштеп таңуға бейім болуы ықтимал.
2-орын – Торпақ
Торпақтар тұрақтылықты жақсы көреді және жақын адамынан сенімділік күтеді. Бірақ осы қасиет кей жағдайда қызғанышқа немесе серіктесінің әр қадамын бақылауға ұласуы мүмкін. Дегенмен өзін қауіпсіз сезінгенде олар өте қамқор серіктес бола алады.
3-орын – Шаян
Шаяндар эмоцияға берілгіш келеді және жақын адамын жоғалтып алудан қорқуы мүмкін. Кейде осы қорқыныш олардың шамадан тыс қамқорлық көрсетуіне немесе серіктесінің өміріне көп араласуына себеп болады.
4-орын – Бикеш
Бикештер бәрінің мінсіз болғанын қалайды. Олар жиі кеңес беріп, қателікті түзетуге тырысады. Егер бұл шектен шығып кетсе, серіктесіне үнемі сын айтып, бақылау жасап жүргендей әсер қалдыруы мүмкін.
5-орын – Сарышаян
Сарышаяндар сезімге берілгіш әрі қызғанышқа бейім болуы мүмкін. Олар сенім бұзылған жағдайда өте ауыр қабылдайды. Сондықтан кейде эмоциясын бақылау қиынға соғып, қарым-қатынаста қысым көрсету қаупі артады.
6-орын – Тауешкі
Тауешкілер жауапкершілікті жоғары қояды және бәрінің белгілі бір тәртіппен болғанын қалайды. Кей жағдайда осы талапшылдығы серіктесіне артық бақылау болып көрінуі мүмкін.
7-орын – Арыстан
Арыстандар назар мен құрметті жақсы көреді. Олар өздерін бағалағанын қалайды. Егер өзіне жеткілікті көңіл бөлінбегенін сезсе, ренішін ашық білдіруі мүмкін. Бір жағынан, бәрін ашық айту арқылы мәселені оңтайлы шешуі де мүмкін.
8-орын – Егіздер
Егіздердің көңіл күйі жиі өзгеріп тұруы мүмкін. Кейде олар сөзбен әсер етуге немесе пікірталаста жеңіп шығуға тырысады. Сонысы абьюзерлікке ұқсап кетуі ықтимал. Дегенмен олар ұзақ уақыт бойы бір адамды бақылауда ұстап жүруге бейім емес.
9-орын – Суқұйғыш
Суқұйғыштар еркіндікті жоғары бағалайды. Сондықтан өздері де, серіктесі де жеке кеңістігінің болғанын қалайды. Осы себепті бақылау жасауға онша бейім емес.
10-орын – Таразы
Таразылар жанжалдан қашады және қарым-қатынаста тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Олар көбіне мәселені әңгімелесу арқылы шешкенді жөн көреді.
11-орын – Мерген
Мергендер еркін мінезді адамдар. Олар өзіне де, өзгеге де шектеу қойғанды ұнатпайды. Сондықтан серіктесін бақылауға немесе басқаруға ұмтылысы сирек кездеседі.
12-орын – Балықтар
Бұл рейтингте ең соңғы орында – Балықтар. Олар мейірімділігімен, жанашырлығымен және өзгелердің сезіміне түсіністікпен қарай алуымен ерекшеленеді. Көп жағдайда қысым жасағаннан гөрі, ымыраға келуге тырысады.
Төмендегі рейтинг астрологияға негізделген бейресми болжам ғана. Жұлдыз белгісі ешқашан адамның міндетті түрде абьюзер болатынын немесе болмайтынын анықтамайды. Мұндай мінез-құлыққа адамның тәрбиесі, психологиялық жағдайы, эмоциясын басқару қабілеті, өмірлік тәжірибесі, жауапкершілігі және жеке таңдауы әлдеқайда көбірек әсер етеді.
Егер қарым-қатынаста үнемі қорқыту, қорлау, манипуляция, оқшаулау немесе бақылау сияқты әрекеттер байқалса, оны «мінез ерекшелігі» немесе «жұлдыз белгісінің әсері» деп ақтауға болмайды. Салауатты қарым-қатынас әрқашан өзара сыйластыққа, сенімге және екі адамның жеке шекарасын құрметтеуге негізделуі тиіс. Өз қарым-қатынасыңыздан абьюзерлік белгілерін байқасаңыз, одан ертереу шығуға тырысыңыз. Өз күшіңізбен мүмкін болмаса, өзгелерден көмек іздеңіз.
Аударған: Ханбибі ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


