Түркістандық құсбегі ел чемпионы атанды

0
70

Аталған жеңіс – жүйелі жаттығу мен кәсіби даярлықтың нәтижесі.


Түркістандық құсбегі ел чемпионы атанды

Құсбегіліктен ересектер арасында өткен XIX Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Байрақты бәсеке 19-22 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген мықты құсбегілерді бір алаңға тоғыстырды.


Дәстүрлі ұлттық спорттың беделді жарысында Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бағдат Кеуенов «Бүркіт» санаты бойынша I орынды иеленіп, ел чемпионы атанды.


Аталған жеңіс – жүйелі жаттығу мен кәсіби даярлықтың нәтижесі. Сондай-ақ бұл табыс Түркістан өңірінде ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде құсбегілік өнерін дамыту бағытындағы жұмыстардың жемісті жүргізіліп жатқанын айқын көрсетеді.

Бөлісу