Түркістанда жоспарлы жол жөндеу жұмыстары басталды

0
63

Жөндеу барысында жол жамылғысындағы жарықтар, шұңқырлар мен ойықтар қалпына келтіріліп, асфальт-бетон жабынының сапасы жақсартылады.


Түркістанда жоспарлы жол жөндеу жұмыстары басталды

Түркістанда 2026 жылғы жоспарлы жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 2026 жылы жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.


Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс ортасын қалыптастыру.


Жөндеу барысында жол жамылғысындағы жарықтар, шұңқырлар мен ойықтар қалпына келтіріліп, асфальт-бетон жабынының сапасы жақсартылады.


Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен қаланың орталық көшелері қамтылады. Сонымен қатар қоғамдық көлік қатынайтын негізгі бағыттарда жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Бұдан кейін секторлар бойынша ішкі көшелерде жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бөлісу