Түркістанда робототехника олимпиадасы өтті

0
73

Білімділер сайысына қатысуға облыс бойынша 30-ға жуық команда өтінім берді.


Түркістанда робототехника олимпиадасы өтті

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника олимпиадасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«World robot olympiad» робототехника олимпиадасының өңірлік кезеңі Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.


Білімділер сайысына қатысуға облыс бойынша 30-ға жуық команда өтінім берді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің техникалық білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.


Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры Айдын Түсіпжанов бүгінгі жас ұрпақтың инженерлік ойлауы мен заманауи технологияларға қызығушылығы – еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті. Бұл жарыс балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, үлкен жетістіктерге нық қадам екенін атап өтіп, робототехника мен инновациялық технологиялардың маңыздылығына тоқталды.


Жеңімпаздар категориялар бойынша анықталды. «Robosports» категориясы бойынша 1 орынды мақтааралдық «RoboRangers» тобы жеңіп алса, «Robomission|Junior» категориясы бойынша Кентау қаласындағы «Kentau Smart Hub» жасанды интеллект мектебінің «KentauRobotics» тобы 1 орынды еншіледі.

Бөлісу