Түркістанда 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

0
69

Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме мен ұйым қатысты.


Түркістанда 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

ERNUR.KZ. Бүгін Түркістан қаласында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсыну мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме мен ұйым қатысып, жұмыс іздеушілерге 610 бос жұмыс орнын ұсынды.
Іс-шараның ашылуында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы сөз сөйлеп, жәрмеңкенің азаматтарды жұмыспен қамтудағы маңызын атап өтті.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеушілермен қатар, борышкерлер, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында азаматтар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайы, жалақы мөлшері және жұмысқа орналасу талаптары туралы ақпарат алды.
Сонымен қатар «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті қоныс аудару» жобасы бойынша ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Оған Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегаттар қатысып, аталған өңірлердегі жұмыс мүмкіндіктері мен қоныс аудару шарттарын таныстырды.