Қуанышты сәтте мереке иесі арнайы келген аудан басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Шардара ауданында ақжаулықты аналарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 94 жасқа келген Ұлтусын Сапарованың шаңырағына арнайы барып, мерекелік лебізін жеткізді. Арман Романұлы ғасырға жуық өмір сүрген ақжаулықты анаға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Өз кезегінде Ұлтусын апа ақ батасын беріп, алғысын айтты.
Кейін аудан әкімі Боранкүл Мамбетованың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қуанышты сәтте мереке иесі арнайы келген аудан басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.


