ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын жиһаз құрастыратын цех ашты

0
192

Цехта жылына 10 мың дана жиһаз және есік дайындалады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын жиһаз құрастыратын цех ашты

Сарыағаштық тұрғын мемлекеттік қолдаумен жиһаз құрастыратын цех ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «BORAN» жеке кәсіпкерлігінің жиһаз өндіретін цехының жұмысымен танысты. Аудан басшысы жергілікті кәсіпкерлікті қолдау - өңірдің экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, кәсіпкергесәттілік тіледі.


Бүгінде цехта ағаш, МДФ, фанер және түрлі бояу материалдары қолданылып, тұрмыстық және кеңселік жиһаздар дайындалады. Заманауи талаптарға сай өндірілген өнімдер еліміздің әр өңіріне жеткізіледі. Қазіргі таңда өндіріс орнында 20 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізіп отыр. Цехта жылына 10 мың дана жиһаз және есік дайындалады.


Даулетжан Налтаевтың сөзінше, ол осы салада 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатыр. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, өндірістің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттырған. Сондай-ақ, кәсіпорында ай сайын шамамен 15 миллион теңгенің өнімі өндірілуде. Алдағы уақытта кәсіпкер заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Бөлісу