​ТҮРКІСТАН: Сайрамда 1,3 млрд теңгелік өндірістік парк салынып жатыр

0
82

Сонымен қатар 116 жаңа жұмыс орны ашылады.


​ТҮРКІСТАН: Сайрамда 1,3 млрд теңгелік өндірістік парк салынып жатыр

Сайрамдағы Қайнарбұлақта1,3 млрд теңгелік өндірістік парк салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округінде нан, ет және сүт өнімдерін өндіруге бағытталған өндірістік парктің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны – 1,3 млрд теңге. Кәсіпорын толық іске қосылғанда тәулігіне 7 мың дана өнім өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 116 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өндірістік паркке 3 гектар жер телімі бөлінген. Қажетті жабдықтар мен технологиялар Қазақстан, Қытай, Ресей және Беларусь елдерінен жеткізілмек.

Қазіргі таңда нысанның су және жол мәселесі шешілген. Газ және электр желілерін тарту жұмыстары пысықталуда. Құрылыс кезең-кезеңімен жүргізіліп, үш ғимараттың қабырғалары толық қаланды. Бүгінде шатыр жабу жұмыстары атқарылуда.

Жобаны толық іске асыру 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Бөлісу