ТҮРКІСТАН: Отырарда әлеуметтік дүкен ашылды

0
107

Бұл әсіресе аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау болмақ.


ТҮРКІСТАН: Отырарда әлеуметтік дүкен ашылды

Отырар ауданында әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «Орынша» әлеуметтік дүкені ашылды. Бұл бастама тұрғындарды қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Дүкен басшылығы мен «Turkistan» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында өзара келісімшарт жасалып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылуда. Бұл әсіресе аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау болмақ.


Әлеуметтік дүкеннің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев арнайы қатысып, жеке кәсіпкер Орынша Оразәліқызымен кездесті. Онда өңірдегі бағаны тұрақтандыру, халыққа сапалы әрі қолжетімді өнім ұсыну мәселелері талқыланды. Мұндай әлеуметтік бұрыштардың ашылуы - тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аудан көлемінде осындай жобаларды көбейту жоспарланып отыр.

Бөлісу