ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында биыл алты айда 3 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған

0
72

Әлеуметтік қолдау шаралары да өз жалғасын табуда. Биыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 583 отбасыға тағайындау жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында биыл алты айда 3 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда «Ордабасы аудандық мансап орталығы» филиалы арқылы жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіптік оқыту, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру және еңбек нарығына бейімдеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

2026 жылдың алғашқы 6 айында жұмыс іздеп 2032 азамат өтініш білдірсе, 2940 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Оның ішінде 1270 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына 932 адам жолданып, оның ішінде 466 адам қоғамдық жұмыстарға, 156 жас жастар практикасына, 229 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 81 азамат «Күміс жас» жобасы аясында еңбекке тартылған. Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша 427 адам, Ұлттық жобалар аясында 287 азамат жұмыспен қамтылды. Квота негізінде 6 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 7 пробация есебіндегі азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Әлеуметтік қолдау шаралары да өз жалғасын табуда. Биыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 583 отбасыға тағайындау жоспарланған. Жыл басынан бері 506 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Оның ішінде, 411 отбасыға шартты, 102 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алушылардың арасынан 190 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Нәтижесінде 177 адам тұрақты жұмысқа орналасса, қалған азаматтар қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Бөлісу