Түркістан облысында "Түнгі кітапхана» жобасы аясында «Ай сәулесіндегі өлең…» поэзиялық кеші өтті

0
71

Кештің басты қонағы Қуаныш Оспан оқырмандармен шығармашылық жүздесу өткізіп, туған жер, ұлттық рух, адамгершілік пен өмір құндылықтарын арқау еткен өлеңдерін оқыды.


Түркістан облысында

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының 5 жылдығы аясында «Түнгі кітапхана» жобасы Созақ ауданындағы табиғаты көркем «Жұмбақ тау» аумағында белгілі қазақ ақыны Қуаныш Оспанның «Ай сәулесіндегі өлең…» атты поэзиялық кеші өтті.

Рухани-мәдени іс-шара Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Тұран - достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі аясында ұйымдастырылып, қос елдің ақын-жазушылары мен әдебиет сүйер қауымының басын қосты.
Кештің басты қонағы Қуаныш Оспан оқырмандармен шығармашылық жүздесу өткізіп, туған жер, ұлттық рух, адамгершілік пен өмір құндылықтарын арқау еткен өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстаннан келген ақындар өз туындыларын оқып, әдебиет пен поэзияның бүгінгі тынысы туралы еркін пікір алмасты.
Іс-шара барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы сөз сөйлеп, әдеби кештің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының м.а Бақытжан Шынарбайұлының атынан ақынға Алғыс хаты табыстап , құрмет көрсетілді.
Әдеби кеш барысында жыр оқу, әдеби сұхбат және музыкалық бағдарламалар ұсынылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Табиғат аясында өткен поэзиялық басқосу әдебиет пен өнердің үндестігін айшықтап, бауырлас халықтардың мәдени байланысын нығайтуға және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Айта кетейік, «Түнгі кітапхана» жобасы алдағы уақытта да оқырман мен кітап арасындағы рухани байланысты нығайтатын тағылымды кездесулермен жалғасын табады.