ТҮРКІСТАН: Мажарстан компанияларының бірі жем зауытын салуды жоспарлап отыр

0
204

Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді.


ТҮРКІСТАН: Мажарстан компанияларының бірі жем зауытын салуды жоспарлап отыр

Нұралхан Көшеров Мажарстанның Бас консулымен Түркістанда жаңа зауыт ашу бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мажарстан мемлекетінен келген делегациямен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесуде Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач және «UBM GROUP» компаниясының басшылығы жаңа жобалар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.


Мажарстан елінің жетекші компанияларының бірі Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Тараптар өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайын.


Аймақ басшысы бірлескен кәсіпорынның Түркістан облысында салудың артықшылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Бірегей зауыттың өнімі ішкі нарыққа және көрші елдерге экспортталмақ. Жылдық қуаты – 200 000 тонна.


Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.

Бөлісу