ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданындағы Фирдауси ауылында биыл 100 пәтер пайдалануға беріледі

0
69

Қазіргі таңда тұрғын үйлер орналасқан аумақта абаттандыру және жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданындағы Фирдауси ауылында биыл 100 пәтер пайдалануға беріледі

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Осыған орай аудан әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылында болып, жаңадан пайдалануға берілген әкімшілік ғимараттың жұмысымен танысты.

Заманауи талаптарға сай салынған әкімшілік ғимарат толық пайдалануға беріліп, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты жаңа ғимаратқа көшкен. Нысан табиғи газ, электр энергиясы және кәріз жүйесімен толық қамтылған. Жалпы аумағы 24,78 соттық жерді алып жатқан ғимаратта тоғыз қызметтік кабинет, мәжіліс залы, қабылдау аймағы және санитарлық торап қарастырылған.

Іссапар барысында аудан басшысы Фирдауси ауылында бой көтерген 100 пәтерлік 50 тұрғын үйдің жай-күйімен де танысты. Жалпы ауданы 63 шаршы метрді құрайтын әрбір тұрғын үй 7 соттық жер телімінде орналасқан және ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы, автомобиль жолы секілді қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда тұрғын үйлер орналасқан аумақта абаттандыру және жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, жауапты сала басшылары мен мердігер мекемелерге барлық жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Бөлісу