ТҮРКІСТАН: Қоғамдағы проблемаларды шешу жолдары сараланды

0
146

Тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдағы проблемаларды шешу жолдары сараланды

Түркістан өңіріндегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті.

Жиынға тиісті басқарма басшыслары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі

қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, халықпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Қоғамдық тұрақтылық – өңір дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әрбір аудан мен қалада ахуалды жіті бақылап, тұрғындармен ашық әрі жедел кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.

Бөлісу