ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

0
90

252 жас спортшы қатысуда.


ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Түркістан қаласында бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХХІV халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дәстүрлі дода «Olympic center» спорт кешенінде өтіп жатыр. Биылғы жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 252 жас спортшы қатысуда. Олардың қатарында 209 ұл және 43 қыз бар.


Турнир барысында ұлдар 10 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 5 салмақ бойынша сынға түседі. Жарыс тек жүлде үшін ғана емес, сонымен қатар болашақ ұлттық құраманы жасақтауға бағытталған. Жастардың өнерін бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев бақылап, үздік спортшыларды іріктейді. Бұл турнир - жас былғары қолғап шеберлеріне тәжірибе жинап, халықаралық деңгейде өз шеберлігін шыңдауға берілген үлкен мүмкіндік.

Бөлісу