ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік жобалардың құрылысын тиімді іске асыру тетіктері қарастырылды

0
44

Облыс әкімінің орынбасары құрылыс саласында жаңа механизмдер қажет екеніне тоқталып, тиімді жобаларға қолдау болатынын жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік жобалардың құрылысын тиімді іске асыру тетіктері қарастырылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек құрылыс саласындағы жетекші компаниялардың бірінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесу барысында тараптар өңір аумағында жүзеге асырылуы мүмкін жаңа жобаларды, оларды қаржыландыру және тиімді іске асыру тетіктерін жан-жақты талқылады. ЕРС-F механизмі, яғни іске қосуға толық дайын нысан және тиімді қаржыландыру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Әсіресе, әлеуметтік нысандар салу бағытындағы бастамаларға басымдық берілді.


Облыс әкімінің орынбасары құрылыс саласында жаңа механизмдер қажет екеніне тоқталып, тиімді жобаларға қолдау болатынын жеткізді.


– Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында бизнес өкілдерімен әріптестікті күшейтуге дайынбыз. Тиімді жобаларды қолдаймыз. Жаңа механизм өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Біз жобаларды жедел әрі тиімді жүзеге асыруға мүдделіміз, – деді Қанат Қайыпбек.


Компания өкілдері жаңа нысандар салу, ғимараттарда күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері, жұмыс алгоритмі, бюджетке түсетін жүктемені азайту, құжаттамадағы қателіктерге жол бермеу, қаржыны кезең-кезеңмен өтеу жолдары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ ІТ hub жобасын таныстырды.


Жиынға облыстың салалық басқарма басшылары да қатысып, жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Әр жоба бойынша нақты қадамдар айқындалып, іске асыру мерзімдері нақтыланды.


Бастамалар жіті зерделеніп, қажеттілікке қарай ұсыныстар жасалатын болды.

Бөлісу