ТҮРКІСТАН: 109 өкілдері Астанада тәжірибе алмасты

0
75

109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды.


ТҮРКІСТАН: 109 өкілдері Астанада тәжірибе алмасты

Түркістан облысындағы 109 өкілдері Астанада тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды.


Call-орталықтың жұмысын жандандыру мақсатында мекеме басшысы Арман Асхатұлы Астана қаласына арнайы іссапармен барып, iKomek109-дың жұмысымен танысты. Ондағы мамандармен тәжірибе алмасып алдағы жоспарларды талқылады.


– 2025 жылдың басынан бері 40 874 өтінім түсіп, 40 583-і дер кезінде жабылды. Ал 391-і орындалу барысында тұр. Облыс әкімінің хаттамасы негізінде «109 мониторинг» тобы өтініштердің сапалы орындалуын қадағалау үшін шалғай елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесу өткізуде. Сондай-ақ насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта iKOMEK орталығымен бірлесе атқаратын жұмыстар ауқымды болмақ, – деді мекеме басшысы.


Өтініштер 109 номерінен бөлек, Байланыс орталық turkistan_oblysy.109 инстаграм желісі, +7 701 13 13 109 whatsapp номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.

Бөлісу