Бұл келісім кәсіпкерлерді қолдау, білім беру, тәжірибе алмасу және халықаралық серіктестікті дамыту бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Түркістан кәсіпкерлері үшін халықаралық тәжірибе мен білім алмасу жолға қойылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Woosong University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім кәсіпкерлерді қолдау, білім беру, тәжірибе алмасу және халықаралық серіктестікті дамыту бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Алдағы уақытта бірлескен жобалар, оқыту бағдарламалары және кәсіпкерлерге арналған жаңа бастамалар жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар заманауи технологиялар мен жасанды интеллект (AI) бағытында арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру, цифрлық шешімдерді енгізу және инновациялық жобаларды қолдау жоспарлануда. Бұл бастамалар кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, бизнес үдерістерін автоматтандыруға және тиімділікті күшейтуге мүмкіндік береді.


