«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түлкібастағы сенбілікке 500-ге жуық тұрғын атсалысты

0
118

Көше бойындағы қоқыстарды жинап, арық-атыздарды тазалады.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түлкібастағы сенбілікке 500-ге жуық тұрғын атсалысты

Түлкібаста өткен сенбілікке 500-ге жуық тұрғын атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы және «1 наурыз-Алғыс айту» күніне орай жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай, этномәдени орталықтардың төрағалары, қоғамдық ұйым мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы мен ардагерлер қатысып, 100 дана емен ағашының көшеттерін отырғызды. Игі шара барысында ауыл ақсақалы бата беріп, еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі. Аталған іс-шара Түлкібас ауданы аумағын абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және ұлтаралық достықты нығайту мақсатында өткізілді. Шара барысында 500-ге жуық азамат көше бойындағы қоқыстарды жинап, арық-атыздарды тазалады.


Жалпы, биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 62 мың дана көшет отырғызу жоспарланып отыр. Оның 18 мыңнан астамы көктем айларында егілмек. Айта кетейік, 2025 жылы 76 мыңнан астам ағаш көшеті арнайы қоршалып, суғару жүйесімен қамтылған алқаптарға отырғызылған болатын.

Бөлісу