«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тазалық жұмыстары жүргізілді

0
74

Аталған игі бастамаға музей-қорықтың барлық қызметкерлері белсенді түрде қатысты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тазалық жұмыстары жүргізілді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық шарасын ұйымдастырды. Аталған игі бастамаға музей-қорықтың барлық қызметкерлері белсенді түрде қатысты.


Тазалық жұмыстары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталып, Рабия Сұлтан Бегім қамал қорғанынан цитадель аумағына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Тәуке хан мен Есім хан кесенелері аумағында да санитарлық тазалық шаралары атқарылды.


Кесене ішіндегі тазалық жұмыстары толық жүргізіліп, едендері сыпырылып, шаң-тозаңнан тазартылды. Мүсәлла қақпасынан Рабия Сұлтан Бегім қамалына дейінгі аралықтағы, соның ішінде Шығыс моншасы мен Қылует жер асты мешіті маңындағы жол жиектері ретке келтіріліп, құрбандық шалатын орын тазартылып, сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Жеті ата көшесінің бойы, Хан ордасы, Хан мешіті және Жеті ата қақпасы маңындағы аумақтар да тазаланып, айналадағы табиғи шөптер шабылды.


Бүгінде тарихи ескерткіштер мен мәдени кеңістіктерді сақтау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Мәдени мұра нысандарын қорғау, оларды күтіп-ұстау және көркейту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғаса бермек.

Бөлісу