​Сауранда 500 адам қатысқан «Таза Қазақстан» эко-акциясы өтті

0
98

Тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылып, елді мекен аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.


​Сауранда 500 адам қатысқан «Таза Қазақстан» эко-акциясы өтті

ERNUR.KZ. Сауран ауданында экологиялық мәдениетті арттыру және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті.

Шара Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша елді мекенінде ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық тұрғын мен мекеме қызметкерлері қатысты. Тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылып, елді мекен аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.
Акцияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Ол экологиялық мәдениетті қалыптастыру - әр азаматтың ортақ борышы екенін айтып, табиғатты аялауға шақырды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері экологиялық талаптарды бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданып, айыппұлдар салды. «Таза Қазақстан» эко-акциясы ауданның басқа ауылдық округтерінде де өз жалғасын табатын болады.