Автор видеоны жасырын түсірген.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның аяғына тұра алмаған қарияға жекіп сөйлеп, оны жұлқып жатқанын көруге болады. Тіпті сабап жатқан дыбыстар естілген, деп жазады Stan.kz.
Желі қолданушыларының айтуынша, жағаұстатарлық жағдай Түркістан облысының Шардара қаласында болған.
Ер адам жуындырғалы жатқан қартты балағаттап, “екі қабырғаңды сындырамын” деп қорқытты. Енді бір кадрдан ақсақалдың жолдың үстінде аяққа тұра алмай отрығанын көруге болады.
“Тұр, тұрмайсың ба, тағы ұрамын. Есек, тұр аяғыңды бас, жүр”, – деп әйеді көмекке шақырып, қарияны сүйреп алып кетті.
Автор видеоны жасырын түсірген. Үшінші кадрда адамдарың не істеп жатқаны анық көрінбегенімен, соққының дыбысы шығып жатты.
Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан ер адам қартты тұрғыза алмай әлек. Оның жанында жүрген әйелдің де қарияны ұрып-соғып, дөрекілік танытқаны айқын көрінеді.
Түркістан облысы полиция департаменті болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұл видео желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Олар үлкен кісіге қол көтерген еркекті жерден алып, жерге салды.
“Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Көріп өскен соң өз балаң да соны қайтарсын, арсыз”, “Ананың қарғысы боқ, әкенің қарғысы оқ. Алла берсін жазасын”, “Осы малды асыраймын деп бұл әке қиын заманда не көрмеді екен? Қартайғанда зейнетін көремін деп ойлады ғой”, “Қасында ұлдары жүр ғой,дәл осы күнді алдыңа алып келеді, асықпа, хайуан”, “Неге сонша қатыгез”, “Алла сақтасын! Жүрегімнің ауырғаны-ай”, – деп қынжылды желідегілер.