Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды

0
218

Жолаушы бірден ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алатау станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде 5,45 миллиметр калибрлі екі оқ-дәрі анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеріс барысында сөмкеден екі патрон тәркіленді. Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.