Ауыл шаруашылығы вице-министрі түркістандықтармен кездесті

0
92

Жерлерді ұтымды пайдалану және жер заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі түркістандықтармен кездесті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының ел экономикасындағы маңызды рөлін атап өтіп, аграрлық сектор өкілдерімен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды.


Өз сөзінде вице-министр көктемгі дала жұмыстарына және егіс науқанына уақтылы дайындалу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау, сондай-ақ агротехникалық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.


Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және жер заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды.


Кездесу аясында шаруа қожалықтарының иелері мен жеке кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында аграршылар субсидиялау, кредит қаражатын алу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері секілді бірқатар өзекті тақырыптарды көтерді.


Көтерілген әрбір мәселе бойынша Ермек Кенжеханұлы жан-жақты түсініктеме беріп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу