ӘБУ-ДАБИ – ТҮРКІСТАН – ӘБУ-ДАБИ: Бір айда 28 рейс орындалған

0
313

Нәтижесінде борттың сатылымы 82,3% орындалуда.


ӘБУ-ДАБИ – ТҮРКІСТАН – ӘБУ-ДАБИ: Бір айда 28 рейс орындалған

Wizz Air әуекомпаниясы Әбу-Даби – Түркістан – Әбу-Даби бағытында бір айда 28 рейс орындаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған компания Түркістан қаласында жыл басында ғана өз жұмысын бастаған. 16 қаңтар – 15 ақпан аралығында екі бағыт бойынша 5 299 жолаушы билет сатып алған. Нәтижесінде борттың сатылымы 82,3% орындалуда.


Тарқатып айтсақ, Әбу-Даби – Түркістан бағытында жасалған 14 рейспен 2 353 жолаушы келген. Яғни ұшақтың толтырымдылығы 73,1% құрады. Қалған 14 рейстегі 2 946 жолаушы Түркістаннан Әбу-Дабиге ұшып кеткен, ұшақтың толтырымдылығы 91,5% құрады. 1 ұшақ сыйымдылығы – 230 адам.


Айта кетейік, халықаралық әуежайдан 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап алғаш рейс ұшқан болатын. Билеттер wizzair.com сайты мен мобильді қосымшасында сатылымға шыққан. Неғұрлым ертерек алған жағдайда билет құны БАӘ-нің 159 дирхамы, ал қазақ валютасымен 19 мың теңгеден басталады. Алдын ала өткізілген жиын барысында әуекомпанияның өкілі Крислен Кери Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі әрі тарихи қала Түркістанды Орта Азиядағы танымал желілер қатарына қосу туралы баяндап, жаңа бағыттың таныстырылымын жүргізді. Әбу-Даби – Түркістан өнімі және оның мүмкіндіктері туралы ақпараттар ұсынылды. Тікелей әуе рейсі – Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан азаматтары үшін де, қонақтар үшін де туристік әлеуетті дамытуға мол үлес қоспақ.