Тег: Қазақстан

Өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі

Ел аумағына кіріп-шығатын тұқым материалының айналымын бақылау күшейтілмек.

AMANAT-тан Мәжіліске кім өткені белгілі болды

Партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады.

Qnet қаржылық пирамидасының басшылығына қатысты күдікті екі айға қамауға алынды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында "Qnet" қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Қайрат Нұртастың видеосы талдықорғандықтардың ашуын туғызды

Полиция құқықбұзушыны тауып, әкімшілік жазаға тартты.

Іле Алатауы тауларында адасқан екі турист табылды

Зардап шеккендердің жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қарағандыда заңсыз салынған ондаған тұрғын үй бұзылуы мүмкін

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы заңсыз салынып жатқан құрылыстардың тізімін жариялады.

Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп кеткен Қазақстанның екі азаматының біреуі табылмай жатыр

Екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен. Бүгінде біреуі ұсталып, екіншісі іздестіріліп жатыр.

Таразда вокзал аумағынан жасырылған қару-жарақ табылды

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

Ақтауда үш баласын өлтірген ер адам туралы тың ақпарат шықты

Ауылдастары айыптыны салафилік бағытта болғанын алға тартты.

Қазақстанның үш өңірі қуаңшылық зардабын тартуы мүмкін

Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының нақты болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді.