​Иіссуды киімнің ішкі бетіне сепкен дұрыс

0
208

Ешқандай артық иіс болмау үшін күнделікті МЫНА әдеттерді қолданып, тазалыққа мән беріңіз.


​Иіссуды киімнің ішкі бетіне сепкен дұрыс

фото: Pinterest

Түрлі опа - далаптарды дұрыс пайдалана білудің маңызы қандай зор болса, иіссуды да дұрыс қолдана білудің маңызы сондай зор. Ол үшін ең алдымен дене таза болуы керек. Ешқандай артық иіс болмау үшін күнделікті МЫНА әдеттерді қолданып, тазалыққа мән беріңіз.

Ұйқыдан тұра сала тіліңізді тазалаңыз
Міндетті түрде таңертең тісіңізді жуардан бұрын тіліңізді арнайы қырғышпен тазалап алуды әдетке айналдырыңыз. Себебі, түнде тілде көп бактерия жиналады екен, ал солар дененің иісіне де әсер етуі мүмкін. Бұл гигиенаның бір бөлігі ғана емес, денсаулыққа да пайдалы.


фото: startsmileshop.ru
Табиғи майларды қолдану
Душтан кейін тап-таза болдым деп ойлауыңыз әрине дұрыс. Бірақдуштан шығар алдында денеңізге лосьон емес, әрдайым табиғи май – мысалы, бадам майы немесе лаванда қосылған кокос майын қолданғаныңыз жөн. Себебі, мұндай майлар теріні нәрлендіріп қана қоймай, терінің табиғи иісін де ұзақ уақытқа дейін балғын етіп сақтайды.

Ауыз қуысын шайқауға арналған май (масляное полоскание)
Таңертеңгі уақытта ауыз қуысын міндетті түрде кокос майымен 5–10 минут шайқаңыз. Бұл әдіс үнді дәстүрінен алынған және ауыздағы бактерияларды өлтіріп қана қоймай, бүкіл дененің жағымсыз иісін болдырмайды. Бұл кейбіреулер үшін оғаш көрінгенмен, бұл әдет ауызыңыздан әрдайым балғын иіс шығуына себеп болады.

йықтар алдында хош иісті майлар қолдану
Әр күні түнде ұйықтар алдында жастыққа немесе шашыңызға лаванда, ваниль секілді тыныштандыратын иіс майларын сеуіп жатыңыз. Таңертең оянғанда да, бұл иіс кетпейді. Шашыңыздан ерекше нәзік, таза иіс шығып тұратын болады. Бұл, әсіресе, душқа түсуге уақыт таппай қалған күндерде де көп көмектеседі.


Киімнің ішкі бетіне хош иіс себу

Парфюмды денеге емес, киімнің ішкі жағына – әсіресе, мойын мен иық тұсына сәл ғана себу жеткілікті. Бұл хош иістің бірден ұшып кетуіне жол бермейді әрі термен араласпайды, сондықтан хош иіс күні бойы сақталып тұрады. Иіссу хош иісін жоғалтпасын десеңіз денеңіз таза болуын қадағалаңыз. Душқа түсіп шыққаннан соң, таза денеге себу орынды болады.
Әрдайым иіссуді себерде тамырдың теріге жақын орналасқан жерін таңдаңыз. Терінің бұл жері жылы болуы әсерінен хош иістің аңқуы жоғары болады. Бұл жерлер білектің ішкі жағы, шынтақтың ішкі жағы, иық және мойын. Сонымен қоса, құлақтың арты, бұл жерге себілген иіссудың хош иісі ұзақ уақыт сақталады екен. Таңдаған жерге иіссудың бір - екі тамшысын сепсеңіз жеткілікті.
Иіссуды кез - келген матаға себе беруге болмайтынын біле жүрген абзал. Табиғи матаға себілген иіссу өзінің бастапқы хош иісін жоғалтпайды (жүн, мақта маталары ). Жүннен тоқылған және аң терісінен тігілген киімдерде жылдар бойы иіс жоғалмайды. Алайда, иіссу ашық түсті матада дақ қалдыруы мүмкін, ал аң терісінен тігілген киіміңіз бастапқы түсін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан, иіссуды киімнің ішкі көрінбейтін бөлігіне сепкен дұрыс.
Дәл бүгінгі күні тұрақты бір иіссу пайдалану шарт емес. Бір күн ішінде бірнеше түрлі иіссу түрлерін пайдалануға болады. Күндіз пайдаланатын әтірдің иісі нәзік әрі жұмсақ болғаны жөн. Ал кешкісін қолданатын иіссу хош иісті, күндізгі қолданған иіссудан өзгеше болғаны жақсы. Негізі иіссудың сақталу уақыты 4 - 6 сағат аралығында, кешкілік пайдаланатын иіссу одан ұзақ уақыт сақталады екен. Иістің сақталу уақытына қарай 4 категорияға бөлінеді: хош иісті иіссу, парфюмериялық иіс су, әтір, жай иіссу.
Кез келген иіссуды қараңғы жерде сақтаған дұрыс. Сонда булану әсерінен спирт тез ұшып кетпей, ауамен қосылысы нәтижесінде бұзылмай ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Қасыңыз түсіп, өспей жатыр ма? Дұрыс күтім жасауды үйреніңіз


ӘЙЕЛдің АҒЗАСЫнда МЫРЫШ жетіспесе НЕ БОЛАДЫ