ГЕЛЬДІ МАНИКЮРдан кейін ТЫРНАҚты қалпына келтіретін 10 әдіс

0
1 373

«Тырнақ «демалуы» (тыныс алу) үшін бірер ай «жалаңаш» қалдыру қажет» деген пікір – миф


ГЕЛЬДІ МАНИКЮРдан кейін ТЫРНАҚты  қалпына келтіретін 10 әдіс

Сурет: ЖИ

Гель-лак қол-тырнақтағы мінсіз сұлулық пен тазалықтың баламасына айналды. Алайда бұл мінсіз жылтырдың астарында көбіне шаршаған, әлсіреген тіндер жатады. Полимерлерді үнемі жағу тырнақ пластинасының физиологиясын өзгертеді. Солайша әдеттегі маникюр эстетикалық ритуал болудан қалып, кератин қабаттары үшін ауыр сынаққа айналады.


Гель-лакты алғаннан кейін тырнақ неге жиі сынады? Көбінесе себеп жабынды дұрыс алмау техникасында. Яғни оны Тырнақтың ең берік қорғаныс қалқаны – беткі кератин. Ал гель-лакты механикалық тәсілмен сылып не қырып алғанда кератиннің үстіңгі қабаты да қоса кетеді.

Тырнақ күтімінен бас тартпай-ақ, оларды қайта қалпына келтіруге бола ма? Болады. Тырнақтың табиғи иілгіштігі мен беріктігін қайтаратын 11 тәсілді ұсынамыз.


Тырнақты шұғыл реанимациялаудың 11 стратегиясы

№1 айла: Зәйтүн майы

Жылытылған май (37-38 градус) липидті алмасуды белсендіріп, гидробалансты қалпына келтіреді, бұл тері мен қолдың маусымдық құрғауы кезінде өте маңызды.

Бір шай қасық зәйтүн майын сәл ғана жылытыңыз. Май ыстық емес, қолға жағуға жағымды температурада болуы керек. Оны тырнаққа және кутикулаға жағып, 5–10 минут жеңіл массаж жасаңыз. Артық майды майлықпен сүртіңіз. Бұл процедураны аптасына бірнеше рет қайталауға болады.


№2 айла: Нутрициологиялық қолдау

Тырнақ саулығы — зат алмасудың көрінісі. Сау пластинаның өсуін жылдамдату үшін рационға селен мен цинкті қосыңыз.


№3 айла: Жидек маскалары

Құлпынай, таңқурай сияқты жидектердің құрамындағы органикалық қышқылдар тырнақ айналасындағы терінің мүйізденген бөліктерін жұмсақ түрде эксфолиациялайды (түлейді). Бір жидекті езіп, оны тырнақ айналасындағы сау теріге өте жұқа қабатпен жағыңыз. 3–5 минуттан кейін жылы сумен жуып, қол кремін қолданыңыз. Ашып немесе қыши бастаса, бірден шайыңыз.


№4 айла: Йод торы

Тырнақты нығайту үшін йодт торлап жағу – бұрыннан келе жатқан тәсіл. Йодты тырнаққа күн сайын жағудың қажеті жоқ. Әсіресе кутикулаға және тырнақ айналасындағы теріге жағудан сақ болыңыз. Тырнақтың жағдайы күрт өзгерсе, мәселені йодпен жасыруға тырыспай, себебін анықтаған дұрыс.


№5 айла: Балауызбен сүргілеу

Тырнаққа арналған арнайы балауыз оның бетінде қорғаныш қабат түзіп, сыртқы әсерден қорғауға көмектеседі. Бұл әсіресе құрғақ әрі қабыршақтануға бейім тырнақтарға күтім жасағанда пайдалы.

Алдымен тырнақты тазалап, құрғатыңыз. Балауыздың аз мөлшерін тырнақ пластинасына жағыңыз. Содан кейін жұмсақ мақта матамен ақырын жылтыратып сүртіңіз. Кутикулаға да аз мөлшерде жағуға болады.


№6 айла: Теңіз тұзы

Минералды ванналар тіндерді микроэлементтермен байытуға көмектеседі. Бір стақан жылы суға шамамен бір шай қасық теңіз тұзын ерітіңіз. Саусақтарыңызды 5–10 минут ерітіндіде ұстаңыз. Кейін қолыңызды таза сумен шайып, міндетті түрде ылғалдандырғыш крем немесе кутикула майын жағыңыз. Теріңіз жарылған немесе қатты құрғақ болса, тұзды ванна керісінше ашытуы мүмкін.


№7 айла: Парафинотерапия

Арнайы парафин ваннасында косметикалық парафинді нұсқаулық бойынша ерітіңіз. Оның температурасы теріге қауіпсіз болуы керек. Қолды парафинге бірнеше секунд батырып, шығарыңыз. Бірнеше жұқа қабат түзілгеннен кейін қолды арнайы пакетпен жауып, үстінен жылы сүлгі орауға болады. 10–15 минуттан кейін парафинді алып, қолға крем жағыңыз. Тым ыстық парафин теріні күйдіруі мүмкін. Сондықтан температураны міндетті түрде тексеріңіз.


№8 айла: Дәріханалық жабындар

Дәріханада тырнақтың сыртқы әсерден қорғалуына және сынудың азаюына көмектесетін арнайы жабындар сатылады. Бірақ «кальцийі бар» деген жазуға ғана қарап өнім таңдаудың қажеті жоқ. Құрамында өсімдік пептидтері бар құралдарды іздеңіз.

Өнімнің нақты не үшін арналғанын оқыңыз: сынғыш тырнаққа ма, қабыршақтануға ма, әлде қорғаныш мақсатында ма? Жабынды таза әрі құрғақ тырнаққа қаптамадағы нұсқаулық бойынша жағыңыз.


№9 айла: Кутикулаға арналған майлар

Құрамында Е дәрумені бар майларды үнемі пайдалану өлі терінің пайда болуын тоқтатады. Күніне 1–2 рет әр тырнақтың түбіне бір тамшы май жағыңыз. Саусақ ұшымен 30–60 секунд ақырын уқалаңыз. Әсіресе қолды жуғаннан кейін және ұйықтар алдында қолдану ыңғайлы.


№10 айла: Майсана майы

Майсана, яғни кастор майы, қою құрылымымен ерекшеленеді. Ол кутикуланың терең қабаттарына өтетін өсудің ең үздік стимуляторы. құрғақ кутикуланы жұмсартып, тырнақ айналасындағы теріні күтімдеуге көмектеседі. Кешке тырнақтың түбіне және кутикулаға бір тамшы май жағып, ақырын уқалаңыз. Алғаш рет пайдаланғанда терінің кішкентай бөлігіне жағып, аллергиялық реакция болмайтынын бақылаған дұрыс.


«Тырнақ «демалуы» (тыныс алу) керек, сондықтан гель-лак арасында бірер ай «жалаңаш» қалдыру қажет» деген пікір – миф. Қорғаныстың мүлдем болмауы тырнақты қалпына келтірмейді, керісінше, тұрмыстық химияға әлсіз етеді. Сондықтан қорғаныс қабатын түзетін емдік жабындарды пайдалануды ұсынамыз.


Тырнақты бір күнде қалпына келтіретін ғажайып әдіс жоқ. Ең жақсы нәтиже күнделікті қарапайым әдеттерден қалыптасады: қолды үнемі ылғалдандыру, кутикуланы жарақаттамау, тұрмыстық химиямен жұмыс істегенде қолғап кию, тырнақты тістелемеу және дұрыс тамақтану.

Ал тырнақ ұзақ уақыт бойы қатты қабыршақтанып, түсі немесе пішіні өзгеріп, ауырса, тырнақ төсегінен ажыраса немесе күтімге қарамастан жағдайы нашарлай берсе, мәселенің себебін анықтау үшін дерматологқа қаралған жөн.

Дайындаған: Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЭПИЛЯЦИЯ: Лазерлік әлде электрлі – қай түрі тиімді?
ІШІМДІКТІҢ буына масайған ЖҰЛДЫЗДАР өзін қалай ұстайды?