​А дәрумені – көз бен терінің саулығын сақтайды

0
189

А дәрумені ағзадағы көптеген процесске қатысады.


​А дәрумені – көз бен терінің саулығын сақтайды

фото: ЖИ

Көздің шел қабығы және терідегі клеткалар А дәруменіне мұқтаж. Демек, көрудің жақсы болуы үшін және терінің саулығы үшін бірден-бір әсер етуші дәрумен. А дәруменінің ағза үшін қандай пайдасы бар және бұл дәрумен тапшы болғанда қандай кері әсерлер болады?


Негізгі функциялары

А дәрумені ағзадағы көптеген процесске қатысады. Бірақ, олардың ішінде де төрт негізгі функциясы бар. Ол – терінің сонымен қатар, көздің де саулығына, иммунитеттің бекем болуына және репродуктивті ағзаның жақсаруына әсер етеді.


Тері үшін...

Жас ұлғая келе бетке әжім түсіп, тері салбырай бастағанда кремдердің түр- түрін қолданып, күтім жасауға асығамыз. Сондай кремдердің бірі – ретинол. Терідегі жасқа байланысты өзгерістерге төтеп беріп, онымен күресуге арналған кремдердің құрамында ретинол бар. Ретинол және басқа ретиноиддер тобы А дәрумені деп аталады. Демек, А дәруменінің теріге тигізетін оң әсері орасан зор. Ол сыртқы қатпарларды азайтып қана қоймай, ағзаны іштен де жақсартуға атсалысады. Тері клеткаларының жаңаруын қамтамасыз етеді, терінің қайта түзілуін, серпімділігін арттырады.


А дәруменін ішке қабылдаудан бөлек, сыртқа маска жасау да пайдалы. Бірақ, сезімтал тері иелері, теріде қанда да бір аурулар болса, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Масканы қолдану үшін жоғарыдағы себептер болмаса аптасына 1 рет, айына 2 реттен артық емес 1 капсула ішсеңіз болады.

Ал ретинол кремдерге беттегі проблемаларға байланысты өлшемді түрде қосылады. Теріңіздің типін анықтап алсаңыз, қорықпай қолдана беруге болады. Сондай-ақ, ауа райының ыстық мезгілінде ретинолды шамадан тыс көп қолданбау керек. Өйткені, ретинол қышқылы ультракүлгін сәулелеріне сезімтал келеді, сондықтан, бетті қызартып жібереді.


Көзге әсері...

А дәрумені түнде көруді жақсартады. Сонымен қатар, көздің құрғауын, жас шыққанда қызаруын, көз алмасының сарғаюының алдын алады. Көз жанарының тұп-тұнық, мөлдіреп, жанарыңыздың «жанып» тұруына дәл осы А дәрумені қажет.


Репродуктивті өмірге пайдасы

Ретинол сүйектің өсуіне де ықпал етеді. Ол сүйек тканын түзетін фосфор менен кальцийдің жұмысын нығайтады. Сондай-ақ, А дәрумені ер мен әйелдің репродуктивті өміріне көмектеседі. Нақтылап айтқанда, ер адамның сперматозоидтердің жұмысын ұлғайтып, аналық жұмыртқаның жетілуіне әсер етеді.

Сонымен қатар жыныс гормондарының дұрыс бөлінуіне ықпал етеді.


Иммундық жүйеге әсері

Ағзаға инфекциялармен күресуге ықпал ету мен иммундық жүйенің ойдағыдай жұмысын атқаруы үшін маңызды роль атқарады. Сондықтан, әртүрлі мезгілдік жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ретинолдың адам ағзасында қажетті өлшемде болғаны маңызды.


А дәрумені жеткіліксіз болса...

А дәрумені (витамин A) жетіспесе, ағзада бірнеше маңызды өзгерістер пайда болады. Бұл жағдай медицинада Гиповитаминоз A деп аталады.

  • Қараңғыда көздің көруі нашарлайды, көздің құрғауы, шаршау белгілері
  • Шырышты қабықтардың зақымдануы
  • Ауыз, мұрын, көз құрғап, жиі қабынады
  • Асқазан-ішек жұмысының нашарлауы
  • Жиі тұмаурату, иммунитеттің әлсіреуі, жарақаттың көпке дейін жазылмауы
  • Ұйқының бұзылуы, жиі ашулану.
  • Мұндай белгілер көбінесе, қыс пен жаз айларында қайталанады.
  • Терінің құрғауы. Терi қабыршақтанып, кедір-бұдыр болады
  • Балаларда өсу баяулауы
  • А дәрумені жеткіліксіз болса, әйелдердегі етеккір циклі де бұзылуы ықтимал.

Қандай тағамдарда бар?

А дәруменін толықтыру үшін:

  • сәбіз
  • жұмыртқа
  • сүт өнімдері
  • балық майы
  • жасыл түсті көкөністерді (шпинат, брокколи) жиі қолданыңыз.

А дәрумені өте қажет, бірақ артық мөлшері де зиян болуы мүмкін. Сондықтан дәрігердің кеңесімен қабылдаған дұрыс.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Тырнақ мықты әрі сау болуы үшін күтімі жақсы болуы керек


Беттегі қара дақтарды үй жағдайында кетіруге болады