Тарихи медаль! Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды

0
183

Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды.


Тарихи медаль! Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды

фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты.

Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.

Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.