Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңді

0
214

Дияр бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.


Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңді

UFC

ERNUR.KZ. UFC-дің жартылай ауыр салмағында өнер көрсететін 29 жастағы қазақстандық Дияр Нұрғожай 9 тамызға қараған түні Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 284 турнирінде жеңіске жетті, - деп жазады Tengri Sport.

Бразилиялық Бруно Лопеске қарсы жекпе-жек турнирдің алдын ала кардында өтті. Дияр бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Нұрғожай үшін кәсіби мансабындағы 12-ші және қатарнан екінші жеңісі. Оның UFC-дегі рекорды – 2:2.

Бұл Нұрғожайдың UFC-мен жасасқан келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегі болды. Енді лига оған жаңа ұсыныс жасай ма, жоқ па - соны күту керек. Бұған дейін Дияр UFC-де төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал бұл - оның әлемдегі ең беделді лигада жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған алғашқы жеңісі.