Қазақстандық балуандар Арменияда алты медаль жеңіп алды

0
128

Еревандағы халықаралық турнирде ел қоржыны алтын мен қолаға толықты.


Қазақстандық балуандар Арменияда алты медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан құрамасы жарыста алты медаль жеңіп алды.

79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтын медаль иеленді.

Ал Еламан Амангелді (57 кг), Мерей Базарбаев (61 кг), Мағжан Жаңырбай (86 кг), Нұрдәулет Бекенов (97 кг) және Әлімжан Сәлімжан (125 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.