Чехия мемлекетінде хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Топтық кезеңде сынға түскен Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Соңғы турда Польша командасымен сынға түскен Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері (3:1) есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz.
ҚАЗАҚСТАН 3:1 ПОЛЬША????????
- 0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:11
 - 1:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:35
 - 2:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:20
 - 3:1 - Старченко - 54:25
 
Сонымен 7 ойыннан кейін 6 ұпай жинаған Қазақстан келесі жылы әлемнің үздік командаларымен бір топта өнер көрсетеді. Ал көш соңында қалған Польша мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсіп қалды.
                        
                        
                    
