Оқиға 21 қарашаға қараған түні сағат 00:23 шамасында Үржар ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған.
Ulysmedia.kz ЖИ
ERNUR.KZ. Абай облысында полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған жүргізуші жол апатына себеп болды. Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген 62 жастағы ер адам тәртіп сақшыларынан қашып құтылмақ болып, жолсыз жермен жүріп кеткен. Ақыры полицияның қызметтік көлігіне соғылған. Кейін жүргізушінің мас болғаны анықталды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Полициядан қашып құтылмақ болған
Оқиға 21 қарашаға қараған түні сағат 00:23 шамасында Үржар ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai Tucson көлігін байқап, жүргізушіге тоқтауды талап еткен. Алайда ер адам тәртіп сақшыларының талабын орындамай, қашуға тырысқан.
Полициядан құтылу үшін ол тасжолдан шығып, жолсыз жермен жүріп кеткен.
Полиция көлігін соқты
Қуғын кезінде Hyundai Tucson полицияның Chevrolet Cobalt қызметтік көлігіне соғылған.
Осыдан кейін тәртіп сақшылары 62 жастағы жүргізушіні ұстап, медициналық тексеруге жіберген.
Тексеру нәтижесінде ер адамның мас күйде көлік басқарғаны расталды.
Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушіге қатысты екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік материалдар толтырылған.
Іс сотқа жолданды. Жүргізушіге қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.
Ал Hyundai Tucson көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.


