Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегері атанды

0
134


Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегері атанды

Фото: Olympic.kz

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ғұсман Қырғызбаев Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп жазады BAQ.KZ.

Ғұсман Қырғызбаев аталмыш жарыстың финалына дейін жетіп, ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді. Осылайша екінші орынға ие болды.

Ғұсман Қырғызбаев Olympic.kzсайтына берген сұхбатында алдағы жоспарын айтты.

“ Финалда сәттілік жетіспеді. Оның үстіне Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысым болғандықтан қиындықтар болды. Алайда қолымнан келгенше күрестім.
Қарсыластарымның дайындығы өте жоғары деңгейде. Бірақ мен үшін ең қиын қарсылас оңтүстіккореялық спортшы болды.
Алдағы жарыстарға 85 пайыз дайынмын деп айта аламын. Алда Испанияда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сол жаққа барып жаттығуымызды жалғастырамыз. Бұл жарыс мен үшін әлем чемпионатының алдындағы сынақ ретінде өтті. Басты мақсат - әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алу ,– деді спортшы.