​Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстан командасын екінші рет жеңді

0
123

Ойын барысында құрама сапынан Әмина Бибосынова мен Томирис Рахатжан гол соқты.


​Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстан командасын екінші рет жеңді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстан командасымен екінші жолдастық кездесуінде де жеңіске жетті, деп жазады inform.kz.

Ойын барысында құрама сапынан Әмина Бибосынова мен Томирис Рахатжан гол соқты. Ал Қырғызстаннан Нагима Туралиева көзге түсті.

Осылайша қазақстандық футболшылар аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Капитан рөлін алғаш рет Әмина Бибосынова атқарды. Ал ұлттық құрама сапында 9 бірдей ойыншы дебют жасады. Олардың қатарында Әсел Әнуарбек, Тоғжан Бекпенбет, Аделия Бекқожина, Нұрсая Сұлтан, Әсел Жолболат, Карина Ботабек, Антастасия Тян, Жансезім Айсапар және Ару Ермағамбетова бар.
Айта кетсек, бұдан бұрын да қазақстандық футболшылар Қырғызстанды 3:1 есебімен жеңген еді.
Оқу-жатттығу жиыны 23 мамырда Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды.
Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. Алдымен 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.