Азия чемпионаты: финалға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі алтын алды

0
101

Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалы өтті.


Азия чемпионаты: финалға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі алтын алды

фото: sports.kz

ERNUR.KZ. Азия чемпионатының финалына шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі алтын медаль алды, деп жазады sputnik.kz.
60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов үндістандық Сачин Сачинді 5:0 есебімен жеңді.
75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовтан басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0.
85 келі салмақта Нұрбек Оралбай да өзбекстандық қарсыласынан айласын асырды. Нұрбектің Жасурбек Юлдашевпен кездесуі 5:0 есебімен аяқталды.
+90 келі салмақта Айбек Оралбай қытайлық Данабек Байқоныспен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті.
Ал 70 келі салмақта Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейад Ишаиштен 5:0 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.