Алжирдегі футбол чемпионатының матчы қайғылы аяқталды

0
92

Алжир билігі оқиға кезінде үш адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын хабарлады.


Алжирдегі футбол чемпионатының матчы қайғылы аяқталды

Сурет: Instagram/mcalger.officiel

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері "МК Алжир" футбол клубының чемпиондық атағын тойлау кезінде жанкүйерлері бар трибунаның бірі опырылып түсті. Оқиға кезінде үш адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақат алды, деп жазады zakon.kz.

RMC Sport жазғандай, "МК Алжир" клубы "Магра" командасымен (0:0) тең түсіп, ел чемпионатының алтын жүлделерін жеңіп алды.

Матчтан кейін чемпионатты мерекелеу рәсімі басталып, оның барысында Алжир құрамасының ондаған жанкүйерлері стадион трибуналарының бірінен құлап кетті.

Қауіпсіздік қоршауы шыдамай, соның салдарынан құрылымның бір бөлігі сынған.

Трофейді табыстау рәсімі бірден тоқтатылды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алжир билігі оқиға кезінде үш адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын хабарлады.