​Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін АҚШ-пен ойнайды

0
190

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


​Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін АҚШ-пен ойнайды

Фото: icehockey.kz

ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алтыншы ойынын бүгін АҚШ-қа қарсы өткізеді, деп жазады inform.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Екі құрама бұған дейін алты мәрте шеберлік байқасты. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына есе жіберді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8) есе жіберді.
Ал АҚШ Данияны (5:0), Мажарстанды (6:0), Норвегияны (6:5), Германияны (6:3) құрамаларын қапы қалдырса, Швейцариядан (0:3) жеңіліп қалды.
АҚШ құрамасының хоккейшілері
Қақпашылар: Джереми Свейман («Бостон Брюинз»), Хэмптон Слукински (Батыс Мичиган универститеті), Джоуи Даккорд («Сиэтл Кракен»);
Қорғаушылар: Зак Веренски («Коламбус Блю Джекетс»), Зив Буйум («Миннесота Уайлд»), Алекс Власик («Чикаго Блэкхоукс»), Брэди Шей («Нэшвилл Предаторз»), Эндрю Пик, Мэйсон Лорей (екеуі - «Бостон Брюинз»), Джексон ЛаКомбе («Анахайм Дакс»), Майкл Кесселринг («Юта»), Коул Хатсон (NCAA, Бостон университеті);
Шабуылшылар: Тейдж Томпсон («Баффало Сэйбрз»), Шейн Пинто («Оттава Сенаторз»), Дрю О’Коннор («Ванкувер Кэнакс»), Фрэнк Назар («Чикаго Блэкхоукс»), Майкл Маккэррон («Нэшвилл Предаторз»), Клейтон Келлер («Юта»), Каттер Готье («Анахайм Дакс»), Конор Гарланд («Ванкувер Кэнакс»), Логан Кули («Юта»), Мэтти Бенирс, Майки Эйссимонт (екеуі - «Сиэтл Кракен»), Уилл Смит («Сан‑Хосе Шаркс»), Джош Доан («Юта»), Бретт Берард («Нью‑Йорк Рейнджерс») және Айзек Ховард (NCAA, «Мичиган Стэйт»).
Сондай-ақ бүгін В тобында 23:20-да Венгрия мен Швейцария ойнайды.
Ал А тобында 19:20-да Словения мен Австрия, 23:20-да Словакия мен Латвия кездеседі.