Шымкент қаласының жастары «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.
Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі жас түлектерге мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, болашақта тұрақты жұмыс табуға қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Бағдарлама аясында:
– Ай сайынғы төлемақы мөлшері – 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге), мемлекет есебінен төленеді;
– Жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) есепке алынады;
– Тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады.
Жастар практикасына қатысу үшін үміткер соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған болуы және 35 жасқа дейінгі азаматтар қатарында болуы тиіс. Бағдарламаға қатысушылар Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы арқылы түрлі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жіберіледі.
Бағдарламаға өтініш беру «Enbek.kz» электрондық порталы немесе тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:
– Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3
– Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106
– Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201
– Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89
– Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50