ЗАМАНАУИ ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫ: Шымкентте отандық өндіріс дамып келеді

0
64

Мұнда заманауи технологияларды пайдалана отырып, сұранысқа ие, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға басымдық берілген.


ЗАМАНАУИ ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫ: Шымкентте отандық өндіріс дамып келеді

Шымкентте өндіріс көлемі артып қана қоймай, нарыққа қажет жаңа өнім түрлерін шығаратын кәсіпорындар дамып келеді.

Солардың бірі – «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан «QAZALPAK» ЖШС.
Кәсіпорын алюминий банкілер және қаптама материалдар өндіреді. Мұнда заманауи технологияларды пайдалана отырып, сұранысқа ие, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға басымдық берілген.
Қаптама материалдары – көптеген өндіріске қажет өнім. Сондықтан жергілікті жерде осындай өнімнің өндірілуі ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде қаладағы индустриялық аймақтар жаңа өндірістердің алаңы ғана емес, отандық кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын маңызды экономикалық орталыққа айналып келеді.
Шымкентте өндірілген өнім – ішкі нарықтағы сұранысты өтеу ғана емес, отандық өндірістің әлеуетін арттырудың нақты көрінісі.
Бөлісу