«Таза Қазақстан»: Шымкентте 300-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

0
50

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет.


«Таза Қазақстан»: Шымкентте 300-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында апта көлемінде 300-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзудың 250 дерегі, ал ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 39 дерегі тіркелді.
Барлық анықталған факті бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындарды тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет.
Бөлісу