Шымкенттің әкімі қаладағы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады

0
95

Жұмыс сапары аясында қала әкімі «Alsera KZ» және «Fabe Agro» жылыжай кешендерінде болып, өндірісті кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру барысымен танысты.


Шымкенттің әкімі қаладағы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, ондағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен қала басшысы қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, диагностикалық қызметтің мүмкіндігі кеңейіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады.
Сондай-ақ «Білім-инновация» №1 ер балаларға арналған лицей-интернатының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоба аясында инженерлік желілер жаңартылып, әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі жауапты сала басшыларына барлық жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Еңбекші ауданындағы Орынбай ақын көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, Исраилов көшесін қайта жаңғырту және Айнатас тұрғын алабындағы жол салу жұмыстары тексерілді. Мердігер ұйымдарға құрылыс сапасы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше мән беру жүктелді.
Жұмыс сапары аясында қала әкімі «Alsera KZ» және «Fabe Agro» жылыжай кешендерінде болып, өндірісті кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру барысымен танысты. Бұл жобалар қаланың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына жылыжай шаруашылықтарын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу