Шымкенттік спортшылар халықаралық аренада топ жарды

0
111

Бұл нәтиже – шымкенттік параспортшылардың халықаралық аренадағы жоғары деңгейдегі шеберлігінің және табанды еңбегінің айқын дәлелі.


Шымкенттік спортшылар халықаралық аренада топ жарды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлемдік пара сериясында Қазақстан құрамасының сапындағы шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Командалық сайыста Жанат Айтимова мен Айзада Сейдан жұбы қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал жекелей сында Айзада Сейдан тартысты бәсекеде паралимпиада чемпианына небәрі 1 ұпай айырмашылығымен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Бұл нәтиже – шымкенттік параспортшылардың халықаралық аренадағы жоғары деңгейдегі шеберлігінің және табанды еңбегінің айқын дәлелі.
Спортшылардың жаттықтырушысы – Фуркат Закирұлы.
Бөлісу