​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТОП ЖАРДЫ

0
96


​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТОП ЖАРДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының “Nauryz” командасы 24–28 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен Dubai FIRST Off-Season іс-шарасы аясындағы FIRST LEGO League Challenge халықаралық жарысына қатысып, “CORE VALUES AWARD WINNER” номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.

Ауқымды халықаралық байқау қолданбалы ғылым, технология және инновациялық білім беруге бағытталған әлемдік жетекші оқу орындарының бірі — Rochester Institute of Technology (RIT) Dubai базасында ұйымдастырылды.
Қазақстан атынан қатысқан “Nauryz” командасы құрамында: команда жетекшісі: Беклан Момынбайұлы Тастанбек пен жарысқа қатысушы Іңкәр Абай, Аян Нұрсұлтан, Айсұлтан Қожамұрат болды.
Жетекші Беклан Момынбайұлы оқушыларының бұл жетістігін зор қуанышпен қабылдап, олардың еңбегі мен табандылығын ерекше атап өтті. Команда мүшелері байқау барысында өздерінің ғылыми-техникалық білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен топпен жұмыс істеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.
Бөлісу